Колледжбен серіктестік аясындағы ашық есік күні. » №6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Колледжбен серіктестік аясындағы ашық есік күні.
20
октябрь
2025

Колледжбен серіктестік аясындағы ашық есік күні.

    “Кәсіптік бағдар беруші мектеп” жоба жетекшісі Тұрсынқұл Айнурдың жетекшілігімен мектеп оқушылары “Дизайн және модельдеу” колледжіне ашық есік күніне барып қайтты.

    Іс-шара колледжбен ынтымақтастық аясында ұйымдастырылып, оқушылар шаш үлгілеу және визажист, тігін және матаны оюлау шеберханаларының жұмысымен танысты.

    Ашық есік күні барысында оқушылар өздері қызыққан салалары бойынша сұрақтар қойып, мамандардан толық ақпарат алып, тәжірибе жинақтады. Бұл кездесу олардың кәсіби бағдарын айқындап, болашақ мамандық таңдауға үлкен мүмкіндік берді.

Жоба аясындағы мұндай іс-шаралар оқушылардың көкжиегін кеңейтіп, еңбек нарығына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.