Аудандық деңгейде кәсіби бағдар беру тәжірибе алмасу семинары өтті. » №6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Аудандық деңгейде кәсіби бағдар беру тәжірибе алмасу семинары өтті.
16
апрель
2026

Аудандық деңгейде кәсіби бағдар беру тәжірибе алмасу семинары өтті.

№6 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде «Мектептегі кәсіби бағдар беру жүйесінің заманауи үлгілері» тақырыбында кәсіби бағдар беру педагогтеріне арналған аудандық семинар өткізілді. Мақсаты: Еңбек нарығының сұраныстарына ескере отырып, оқушылардың қабілеттерін ескере отырып өмірлік шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал ету. «Ашық есік күндері – оқушылардың кәсіби таңдауындағы алғашқы қадам» тақырыбында №7 орта мектебінің кәсіби бағдар беру педагогі Сеитова Галия Елеубаевна, «Меморандумның маңыздылығы: білім беру ұйымдары мен серіктестік» тақырыбында №6 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің кәсіби бағдар беру педагогі Тұрсынкұл Айнұр Қуатқызы, «Мектептегі кәсіби бағдар беру жүйесін ұйымдастырудың заманауи бағыттары» тақырыбында Т.Рысқұлов орта мектебінің кәсіби бағдар беру педагогі Иблаева Гулсим Адилхановна, «Оқушылардың кәсіп таңдау жұмысын ақпараттандыру» тақырыбында Ә.Ысмайылұлы атындағы орта мектебінің кәсіби бағдар беру педагогі Исабекова Гүлмира Бейбітқызы, «Оқушыларға кәсіби бағдар берудегі жаңашыл тәсілдер мен заманауи мүмкіндіктер» тақырыбында Айшабибі орта мектебінің кәсіби бағдар беру педагогі Аманбай Ержан Әлімбайұлы өз тәжірибесімен бөлісті.