07
апрель
2026
Спорт күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, дене белсенділігін арттыру, спортқа деген қызығушылығын дамыту және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Спорттық сайыстар барысында оқушылар өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетіп, жарысқа белсенді қатысты. Сонымен қатар, достық қарым-қатынас пен өзара қолдау ерекше байқалды. Жарысқа қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен өнер көрсетіп, спорттың адам өміріндегі маңызын терең түсінді.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың бойында табандылық, жауапкершілік және жеңіске деген ұмтылыс қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
💪 Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!
🏃♂️ Спорт – денсаулықтың, сергектіктің және белсенді өмірдің негізі!