«Жер сағаты» аясындағы экологиялық іс-шара. » №6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жер сағаты» аясындағы экологиялық іс-шара.
30
март
2026

«Жер сағаты» аясындағы экологиялық іс-шара.

«Жер сағаты» акциясы

Акцияның басты мақсаты – білім алушылардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

Осы бағытта 1–11 сынып оқушылары арасында табиғатты қорғау және экологиялық тәрбие негіздерін насихаттайтын бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушыларға энергияны үнемдеу, табиғи ресурстарды қорғау, қоршаған ортаны ластамау мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, экологиялық білімдерін тереңдету мақсатында жасыл клуб жетекшілерінің ұйымдастыруымен 8–10 сынып оқушылары арасында мазмұнды іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар экологиялық тақырыпта пікір алмасып, шығармашылық жұмыстар ұсынып, табиғатты аялау жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Мұндай тәрбиелік маңызы зор шаралар жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді. 🌍🌿