19
декабрь
2025
"Жамбыл жоғары медицина колледжіне" ынтымақтастық аясында ашық есік күні ұйымдастырылды
“Кәсіптік бағдар беруші” Айнұр Қуатқызының жетекшілігімен мектеп оқушылары “Жамбыл жоғары медицина колледжінің” ашық есік күніне қатысты. Іс-шара білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар оқу орнымен танысып, алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін көріп, оны өздері тәжірибе жүзінде орындап көрді.
Нәтижесінде оқушылар медицина мамандығына ерекше қызығушылық танытып, болашақ кәсібін таңдауда пайдалы ақпарат алды.