Материалы за Апрель 2026 года » Страница 2 » №6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Апрель 2026 года » Страница 2
Аудандық деңгейде кәсіби бағдар беру тәжірибе алмасу семинары өтті.
16
апрель
2026
Аудандық деңгейде кәсіби бағдар беру тәжірибе алмасу семинары өтті.
№6 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде «Мектептегі кәсіби бағдар беру жүйесінің заманауи үлгілері» тақырыбында кәсіби бағдар беру педагогтеріне арналған аудандық семинар өткізілді. Мақсаты: Еңбек нарығының сұраныстарына ескере отырып, оқушылардың қабілеттерін ескере отырып өмірлік шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал ету. «Ашық есік күндері – оқушылардың кәсіби таңдауындағы алғашқы қадам» тақырыбында №7 орта мектебінің кәсіби бағдар беру педагогі Сеитова Галия Елеубаевна, «Меморандумның
Мұғалімдер арасында спорттық спартакиада өтті.
15
апрель
2026
Мұғалімдер арасында спорттық спартакиада өтті.
Мектебімізде мұғалімдер арасында өткен спортакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше көңіл-күй сыйлады! 🏃‍♀️🏐 Шараның басты мақсаты – ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту және әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты арттыру болды. Байқау барысында мұғалімдер өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, ұйымшылдығы мен командалық рухын көрсете білді. Әр команда белсенділік танытып, тартысты ойын өрбіді. Қатысушылар жеңіске деген жігерін көрсетіп қана
«RAUAN» бағдарламасында мектеп мақтанышы қонақ болды.
14
апрель
2026
«RAUAN» бағдарламасында мектеп мақтанышы қонақ болды.
Бүгін мектебіміз үшін ерекше күн болды! Білім мен ізденістің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген оқушымыз телеарнаға барып, сұхбат берді. “JAMBYL” телеарнасының таңертең оянған көрерменге тікелей эфирде көңіл-күй сыйлайтын, түрлі қызықты жаңалықтармен бөлісетін, сан-саланың мамандары мен өнерлі азаматтардың тыныс-тіршілігімен таныстыратын “RAUAN” бағдарламасында тележүргізуші Мерейхан Жәнібекұлымен Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 10 сынып білім алушысы, мектеп мақтанышы Сман Сағадат және
Ұлттық кітап күніне орай пікірталас өтті.
14
апрель
2026
Ұлттық кітап күніне орай пікірталас өтті.
Ұлттық кітап күніне орай мектебімізде 8-сынып оқушылары арасында «Гаджет пен рухани даму» тақырыбында мазмұнды пікірталас ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, цифрлық технологиялар мен рухани құндылықтардың арасындағы тепе-теңдікті түсіндіру, сондай-ақ бос уақытты тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру болды. Пікірталас барысында оқушылар гаджеттердің пайдасы мен зияны, кітап оқудың маңызы және рухани дамудың адам өміріндегі рөлі туралы өз
8–11 сынып ұлдарымен профилактикалық жиналыс өткізілді.
14
апрель
2026
8–11 сынып ұлдарымен профилактикалық жиналыс өткізілді.
📌 «Әр құқықбұзушылық – жауапкершілікке әкеледі» 8–11 сынып ұлдарымен жиналыс өткізілді. Негізгі мақсат – құқықбұзушылықтың алдын алу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру. 🔹 Буллингтің түрлері, себептері мен салдары түсіндірілді 🔹 Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берілді 🔹 Қоғамдық тәртіпті бұзудың салдары айтылды ⚖️ Әрбір құқықбұзушылық заң алдында жауапкершілікке әкелетіні ескертілді. 🤝 Оқушылармен пікір алмасу жүргізілді.
Жас дарындармен кездесу ұйымдастырылды.
10
апрель
2026
Жас дарындармен кездесу ұйымдастырылды.
№6 Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің дарынды оқушылары Қалдыбай Нұрасыл мен Мырзабай Ардақ Аса ауданы әкімдігінің дарынды балалармен ашық диалог алаңына қатысып, өз ойларымен бөлісіп, алғыс алып қайтты. Қалдыбай Нұрасыл жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының алтын медаль, Мырзабай Ардақ күміс медаль иегері. Жетекшілері: Исмаилова Маржанкуль Калдановна, Қырықбаева Мөлдір Жаңабекқызы. Жетістікте жетелеген жүздесуде оқушылар арнайы сыйлықтармен, жетекшілер Алғыс хаттармен
Pro Eco экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Грамотамен марапатталды.
09
апрель
2026
Pro Eco экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Грамотамен
5-8 сынып оқушыларына арналған Pro Eco экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің 8 сынып оқушысы Оразалы Іңкәр, 7 сынып білім алушылары Жолшыбек Айсұлу мен Асан Алина Гармота иеленді. Жетекшісі: Абуталипова Аяужан. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Зерттеу қабілеттері шыңдалып, шығармашылық жобаларда үлкен жетістіктерге жетулерін тілейміз!
Облыстық «Көше ойындары – 2026» фестивалінде қола медаль иеленді.
09
апрель
2026
Облыстық «Көше ойындары – 2026» фестивалінде қола медаль иеленді.
7-сәуір Денсаулық күніне орай ұйымдастырылған облыстық “Көше ойындары-2026” спорттық фестивалінде Мас-рестлинг спорт түрінен Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 9 сынып білім алушысы Балқаш Балнұр қола медаль иеленіп, жанкүйерлерін қуантты. Үлкен жеңістер тілейміз!
«Көше ойындары – 2026» спорттық фестивалінде жүлделі ІІ орын.
08
апрель
2026
«Көше ойындары – 2026» спорттық фестивалінде жүлделі ІІ орын.
7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ұйымдастырылған “Көше ойындары-2026” спорттық фестивалінде Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мырзабай Асылым арқан тарту спорт түрінен ІІ орын иеленді. Асылымды жеңісімен құттықтаймыз!
«Көше ойындары – 2026» спорттық фестивалінде жүлделі І орын.
08
апрель
2026
«Көше ойындары – 2026» спорттық фестивалінде жүлделі І орын.
7-сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай ұйымдастырылған “Көше ойындары-2026” спорттық фестивалінде Ыбырай Алтынсарин орта мектебінің 9 сынып оқушысы Балқаш Балнұр мас-рестлинг спорт түрінен І орын иеленді. Балнұрды жеңісімен құттықтаймыз!