15
апрель
2026
Мұғалімдер арасында спорттық спартакиада өтті.
Шараның басты мақсаты – ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту және әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты арттыру болды. Байқау барысында мұғалімдер өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, ұйымшылдығы мен командалық рухын көрсете білді.
Әр команда белсенділік танытып, тартысты ойын өрбіді. Қатысушылар жеңіске деген жігерін көрсетіп қана қоймай, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Осындай игі шаралар ұжым арасындағы ынтымақтастықты арттырып, жұмысқа деген шабыт береді. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз, жеңімпаздарды құттықтаймыз!