Ұлттық кітап күніне орай пікірталас өтті.
Ұлттық кітап күніне орай мектебімізде 8-сынып оқушылары арасында «Гаджет пен рухани даму» тақырыбында мазмұнды пікірталас ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, цифрлық технологиялар мен рухани құндылықтардың арасындағы тепе-теңдікті түсіндіру, сондай-ақ бос уақытты тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру болды.
Пікірталас барысында оқушылар гаджеттердің пайдасы мен зияны, кітап оқудың маңызы және рухани дамудың адам өміріндегі рөлі туралы өз ойларымен бөлісті. Жанды пікір алмасу өтіп, жастардың сыни ойлау қабілеті мен көзқарасы кеңейе түсті.
Іс-шара соңында кітап – рухани байлықтың қайнар көзі екені және оны күнделікті өмірде көбірек қолданудың маңыздылығы атап өтілді.
📚📱 Мұндай тағылымды кездесулер оқушылардың рухани дамуына және дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруына ықпал етеді.