«RAUAN» бағдарламасында мектеп мақтанышы қонақ болды. » №6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «RAUAN» бағдарламасында мектеп мақтанышы қонақ болды.
14
апрель
2026

«RAUAN» бағдарламасында мектеп мақтанышы қонақ болды.

Бүгін мектебіміз үшін ерекше күн болды!

Білім мен ізденістің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген оқушымыз телеарнаға барып, сұхбат берді.

“JAMBYL” телеарнасының таңертең оянған көрерменге тікелей эфирде көңіл-күй сыйлайтын, түрлі қызықты жаңалықтармен бөлісетін, сан-саланың мамандары мен өнерлі азаматтардың тыныс-тіршілігімен таныстыратын “RAUAN” бағдарламасында тележүргізуші Мерейхан Жәнібекұлымен Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 10 сынып білім алушысы, мектеп мақтанышы Сман Сағадат және тарих пәні мұғалімі Абдыкулова Гуля Аманбековна сұхбаттасып қайтты.

Сұхбат барысында Сағадат өзінің жетістіктері, алға қойған мақсаттары мен армандары туралы кеңінен айтып өтті. Өз ойын еркін жеткізіп, мектептің атын абыроймен таныстыра білді. Бұл – тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар ұстаздар еңбегінің және мектеп ұжымының бірлескен жұмысының нәтижесі.

Осындай талапты, білімді жастарымыз көп болсын!
Оқушымызға алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!