02
апрель
2026
«Отбасы құндылығы – тәрбие негізі» тақырыбында отбасы сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту, сондай-ақ ұстаздардың тәрбие жұмысындағы кәсіби тәжірибесін жетілдіру болды.
Отбасы сағаты барысында қатысушылар отбасының қоғамдағы рөлі, ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіру жолдары және ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Сонымен қатар, педагогтерге тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған әдістемелік ұсынымдар мен тәжірибелік кеңестер берілді.
Аталған іс-шара ұстаздардың тәрбие беру бағытындағы жұмысын жетілдіруге ықпал етіп, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтудың маңызын тағы бір мәрте айқындады.