17
февраль
2026
Мектеп асханасына бақылау жүргізілді.
Мектеп медбикесі мен әлеуметтік педагог мектеп асханасында дайындалған тағамдардың сапасына кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді. Бақылау барысында тағамдардың құрамы мен сапасы, дайындау технологиясының сақталуы, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы және бекітілген ас мәзіріне сәйкестігі жан-жақты қаралды.
Сонымен қатар, азық-түліктердің сақтау мерзімі мен жарамдылық уақыты, тоңазытқыштардың температуралық режимі, тағамдардың сыртқы түрі, иісі мен дәмі мұқият тексерілді.
✅ Тексеру қорытындысы бойынша мектеп асханасындағы дайын тағамдардың сапасы талапқа толық сай екені анықталды.