27
январь
2026
8–9 сынып оқушылары арасында «Мамандықтар марафоны» конкурсы ұйымдастырылды.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Еңбегі адал жас өрен» жобасы бойынша 8–9 сынып оқушылары арасында «Мамандықтар марафоны» конкурсы ұйымдастырылды.
📌 Мақсаты:
Оқушыларды түрлі мамандықтармен таныстыру, кәсіби бағдар беру, қабілет-қызығушылықтарын анықтауға көмектесу, командалық жұмыс пен шығармашылық ойлауды дамыту. Оқушыларға әлемдегі мамандықтардың алуан түрлілігін таныту, мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру және еңбекке баулу.
Конкурс барысында қатысушылар өздері таңдаған мамандықтары бойынша таныстырылым жасап, қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауап берді. Белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттерін көрсеткен оқушыларға дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.
Болашаққа сеніммен қадам басқан жас өрендерімізге сәттілік тілейміз!