06
январь
2026
3–4 сынып ата-аналарымен кезекті жиналыс өтті.
3–4 сыныптар бойынша кезекті ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс барысында оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі, жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары және алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.
Жиналыстың негізгі мақсаты – 3–4 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін саралау, II тоқсан қорытындысымен ата-аналарды таныстыру, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ оқушылардың жан-жақты дамуына бірлесе қолдау көрсету болды.