«Химия пәні педагогтерін дайындау» кафедрасымен өзара ынтымақтастық жасалды. » №6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Химия пәні педагогтерін дайындау» кафедрасымен өзара ынтымақтастық жасалды.
10
октябрь
2025

«Химия пәні педагогтерін дайындау» кафедрасымен өзара ынтымақтастық жасалды.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Химия пәні педагогтерін дайындау» кафедрасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандум аясында тараптар білім беру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік бағыттар бойынша бірлескен жұмыстар жүргізуді, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытуға жағдай жасайды.

Келісімнің негізгі мақсаты:

  • химия саласындағы болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;

  • ғылыми-зерттеу әлеуетін күшейту;

  • бірлескен семинарлар, тренингтер және зертханалық сабақтар өткізу;

  • оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуде өзара қолдау көрсету;

  • тәжірибеден өту және тағылымдамалар ұйымдастыру.

Аталған меморандум екі тараптың да серіктестік орнатуға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған ортақ мүдделерін айқындайды.