20
май
2026
Оқу жылының қорытындысына арналған ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Жиналыс мақсаты:
1. Соңғы қоңырау және оқу жылының аяқталуы
2. Жазғы уақыттағы балалар қауіпсіздігі
3. Жазғы шомылу маусымы
4. Кибербуллинг
5. Буллинг
6. Сталкинг
7. Кешке жасөспірімдердің көшеде жүру ережесі
8. Отбасындағы бала тәрбиесі
9. 2025-2026 жылдағы оқушылардың білім сапасы мен жетістіктері
10. Алдағы оқу жылына перспективалық жоспарды талқылау.
Жиналысқа арнайы түрде Айша бибі ауылдық округі әкімінің орынбасары Әлімқұлов Нұрбақыт, Жамбыл АПБ ҚҚБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры Құлшымбаев Нұрлан, Жамбыл АПБ ҚҚБ ЮПТ аға УПИ полиция аға лейтенанты Әбілдаев Фархат, Жамбыл АПБ ОТЗЗҚК аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Ерішбай Гүлзат, Жамбыл аудандық Отбасын қолдау орталығының психологы Қалиева Динара, заңгер маманы Тәжібаев Мади шақырылды.
Жиналыс барысында аталған мәселелер талқыланып, ата-аналардан берілген сауалдарға жауаптар берілді.
Айша бибі ауылдық округі әкімінің орынбасары Әлімқұлов Нұрбақыт 25 мамырдағы балалардың қауіпсіздігі, Жамбыл АПБ ҚҚБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры Құлшымбаев Нұрлан жаз мезгіліндегі балалар өмірі мен қауіпсіздігі, ата-аналардың жауапкершілігі, жазғы шомылу науқаны, көшеде, жолда жүру ережелері, буллинг туралы, Жамбыл АПБ ҚҚБ ЮПТ аға УПИ полиция аға лейтенанты Әбілдаев Фархат кибербулинг туралы түсіндірме жасап, брошюралар таратты. Жамбыл АПБ ОТЗЗҚК аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Ерішбай Гүлзат сталкинг туралы, Жамбыл аудандық Отбасын қолдау орталығының психологы Қалиева Динара, заңгер маманы Тәжібаев Мади отбасылық құндылықтар, отбасындағы бала тәрбиесі, отбасындағы мәселелер туралы сөз қозғады.
Мектеп әкімшілігі биылғы оқу жылының қорытындысы, оқушылардың жетістіктері туралы айтып, келесі жылға перспективалық жоспарларын ұсынды.