21
май
2026
11-сынып бітіруші түлектеріне түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, бітіруші түлектер қатысты. Жиналыс барысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Атап айтқанда:
- мектеп бітіру кештерін (банкет) ұйымдастырмау;
- көлікпен топтасып (кортежбен) қыдырмау;
- ата-анасының рұқсатынсыз табиғат аясында демалуға (маевкаға) шықпау;
- қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын бұзбау қажеттігі ескертілді.
Жиналыс соңында қатысушыларға түсіндірілген талаптарды сақтау қажеттігі ескертіліп, тиісті түсіндірмелер жасалды.