«AMANAT» партиясы өкілдері мектеп жұмысымен танысты. » №6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «AMANAT» партиясы өкілдері мектеп жұмысымен танысты.
01
апрель
2026

«AMANAT» партиясы өкілдері мектеп жұмысымен танысты.

Мектептегі маңызды кездесу.

Бүгін мектебімізге «Аманат» партиясының өкілдері арнайы келіп, білім ордасының ішкі ахуалымен танысты. Кездесу барысында мектептің материалдық-техникалық базасы, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы, оқушылардың қауіпсіздігі мен жайлы білім алуына жасалған жағдайлар жан-жақты қарастырылды.

Партия өкілдері сыныптарды аралап, оқу кабинеттерінің жабдықталу деңгейімен танысып, педагогтармен пікір алмасты. Сонымен қатар, мектеп ұжымының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, білім сапасын арттыру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Осындай кездесулер білім беру саласындағы түйткілді мәселелерді анықтап, оларды бірлесіп шешуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.