Материалы за Март 2026 года » №6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп ұжымымен «Діни экстремизм – ғасыр індеті» тақырыбында кездесу өтті.
31
март
2026
Мектеп ұжымымен «Діни экстремизм – ғасыр індеті» тақырыбында кездесу
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте 11 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Жамбыл ауданы бойынша инспекторы Шадиев Алмат Берікбайұлымен мектеп қызметкерлері мен мұғалімдерге арналған «Дін және заң» және «Діни экстремизм – ғасыр індеті» тақырыптарында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында діннің қоғамдағы рөлі мен маңызы, қазіргі діни ахуал, түрлі діни ағымдар, сондай-ақ имандылық пен адамгершілік құндылықтар жөнінде жан-жақты пікір алмасу
Мектеп оқушыларымен «Діни экстремизм – ғасыр індеті» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті.
31
март
2026
Мектеп оқушыларымен «Діни экстремизм – ғасыр індеті» тақырыбында
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Жамбыл ауданы бойынша инспекторы Шадиев Алмат Берікбайұлымен «Дін және заң» және «Діни экстремизм – ғасыр індеті» тақырыптарында 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Жиын барысында дін туралы, оның қазіргі қоғамдағы орны мен маңызы, діни ағымдар, сондай-ақ имандылық пен әдептілік мәселелері кеңінен талқыланды.
Құрметті ата-аналар! 10 маусымнан бастап 1-сыныпқа өтініш қабылданады.
31
март
2026
Құрметті ата-аналар! 10 маусымнан бастап 1-сыныпқа өтініш қабылданады.
10 МАУСЫМНАН БАСТАП 1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ. 2026–2027 оқу жылына балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттар 10 маусымнан бастап қабылданады. Өтініштерді 31 тамызға дейін электронды түрде egov.kz порталы арқылы тапсыруға болады.    Қызметті онлайн алу үшін қажет құжаттар: ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші; №065-у нысанындағы медициналық анықтама №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты; 3×4 см өлшеміндегі 2 дана фотосурет.    Қызметті білім беру мектептерінде алу
«Жер сағаты» аясындағы экологиялық іс-шара.
30
март
2026
«Жер сағаты» аясындағы экологиялық іс-шара.
«Жер сағаты» акциясы Акцияның басты мақсаты – білім алушылардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. Осы бағытта 1–11 сынып оқушылары арасында табиғатты қорғау және экологиялық тәрбие негіздерін насихаттайтын бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушыларға энергияны үнемдеу, табиғи ресурстарды қорғау, қоршаған ортаны ластамау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар,
Мектебіміздің мұғалімі республикалық олимпиада жеңімпазы атанды.
26
март
2026
Мектебіміздің мұғалімі республикалық олимпиада жеңімпазы атанды.
Республикалық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “Алтын тұғыр” математикалық олимпиадасында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тоғанбаева Қаламқас Кенжеғұлқызы жүлделі І орынға ие болды! Қаламқас Кенжеғұлқызының кәсіби шеберлігі мен білімділігі, үздіксіз ізденісі мен еңбегінің айқын нәтижесі. Осындай биік жетістік – шәкірт тәрбиелеудегі табандылық пен жауапкершіліктің жемісі. Қаламқас Кенжеғұлқызын осы зор жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық
«Серік оқулары» байқауында жүлделі ІІІ орын
24
март
2026
«Серік оқулары» байқауында жүлделі ІІІ орын
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ақын, жазушы Серік Томановтың шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған аудандық “Серік оқулары” байқауында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 10 сынып білім алушысы Жолшыбек Арайлым ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Орынбаева Зина Расылханқызы. Арайлымды жеңісімен құттықтаймыз!
Облыстық “Eco-Volonter” байқауының ІІІ орын иегерлері.
17
март
2026
Облыстық “Eco-Volonter” байқауының ІІІ орын иегерлері.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!      Облыстық “Eco-Volonter” байқауында Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларынан құралған “Табиғат сақшылары” еріктілері табиғатқа шын жанашырлықтарын көрсету арқылы, облыстық еріктілер арасында ІІІ орын иеленді.      Табиғат қорғаушы еріктілердің еңбегі қоршаған ортаны сақтауға, экологиялық сананы арттыруға және болашақ ұрпаққа таза табиғат қалдыруға үлкен үлес қосатынына сенеміз!
«TUTOR Жамбыл» жобасы аясында «Ынтымақтастық педагогикасы: дуэт форматындағы сабақ үлгісі» тақырыбында аудандық семинар өтті.
12
март
2026
«TUTOR Жамбыл» жобасы аясында «Ынтымақтастық педагогикасы: дуэт
12 наурыз күні №6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде «ТUTOR Жамбыл» жобасы аясындағы «Ынтымақтастық педагогикасы: дуэт форматындағы сабақ үлгісі» тақырыбындағы аудандық семинар өтті.  Семинар мақсаты:     Аудандық мектептердегі мұғалімдер арасында кәсіби ынтымақтастықты дамыту, дуэт форматындағы сабақ арқылы бірлескен оқытудың нәтижесінде оқу үдерісінің сапасын арттыру.     Семинар барысында аймақтағы мектептердің педагогтері бірлескен форматта дуэт сабақтар өтті. Дуэт сабақтарды №6
“Бүгінгі жас – ертеңгі сарбаз” жарыста І орынмен аудандық кезеңге жолдама алды.
11
март
2026
“Бүгінгі жас – ертеңгі сарбаз” жарыста І орынмен аудандық кезеңге
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!     4 мектептің қатысуымен білім алушылар арасында өткен “Бүгінгі жас – ертеңгі сарбаз” атты әскери-патриоттық спорттық жарыста мектебіміздің 9–10 сынып оқушылары жоғары дайындықтарын, батылдықтары мен ұйымшылдықтарын көрсетіп, І орын иеленді.     Жеңімпаздар аудандық кезеңге жолдама алды.     Жас сарбаздардың бұл жетістігі – олардың отансүйгіштігінің, жігері мен қайсарлығының айқын көрінісі. Осындай жеңістер арқылы өскелең ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігі артып, болашақта ел
Бүгінгі күннің ас мәзірі
10
март
2026
Бүгінгі күннің ас мәзірі
Бүгін мектеп асханасында оқушыларға дәмді әрі құнарлы тағамдар ұсынылды. Ас мәзірі санитарлық талаптарға сай дайындалып, оқушылардың дұрыс тамақтануына бағытталды. Мәзір құрамына төмендегі тағамдар енгізілді: Сиыр етінен дайындалған котлет Гарниріне қайнатылған макарон Кисель сусыны Печенье Бидай наны Берілген тағамдар жаңа әрі сапалы өнімдерден дайындалып, оқушыларға уақытылы ұсынылды. Ас мәзірі балалардың ағзасына қажетті дәрумендер мен қоректік заттарды қамтамасыз етуге бағытталған.