Құрметті ата-аналар! 10 маусымнан бастап 1-сыныпқа өтініш қабылданады. » №6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті ата-аналар! 10 маусымнан бастап 1-сыныпқа өтініш қабылданады.
31
март
2026

Құрметті ата-аналар! 10 маусымнан бастап 1-сыныпқа өтініш қабылданады.

10 МАУСЫМНАН БАСТАП 1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ.
2026–2027 оқу жылына балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттар 10 маусымнан бастап қабылданады. Өтініштерді 31 тамызға дейін электронды түрде egov.kz порталы арқылы тапсыруға болады.
   Қызметті онлайн алу үшін қажет құжаттар:
ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
№065-у нысанындағы медициналық анықтама
№052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
3×4 см өлшеміндегі 2 дана фотосурет.
   Қызметті білім беру мектептерінде алу үшін қажет құжаттар:
Жеке басын растайтын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат.
«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у «Профилактикалық екпелер картасы» нысанындағы және № 052-2/у «Бала денсаулығы паспорты» нысанындағы медициналық анықтамалар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген).
Баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.