Мектеп директоры
Айтекова Анар Рапильбековна, 1989 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Ертай ауылында дүниеге келіп. 1995 жылы аталған ауылда Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектепке 1 сыныпқа қабылданып, 2006 жылы мектепті аяқтады.
2006 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне «География» мамандығына оқуға түсіп, 2010 жылы аяқтап, «Химия» пәні мамандығына тапсырып, 2012 жылы аяқтады, 2012 жылы «Химия» ғылымы магистратурасына тапсырып, 2014 жылы «Химия» ғылымдарының магистрі академиялық атағын алды.
Еңбек жолын 2010 жылы Мәлік Ғабдуллин орта мектебінде мұғалім, 2012 жылы Тараз мемлекеттік университетінде «Химия» кафедрасында магистрант, 2014 жылы «Тараз-Ғасыр» колледжінде химия пәні оқытушысы, 2015 жылы Жамбыл ауданы, Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейде химия пәні мұғалімі болып қызмет атқарды.
2022 жылдың 3 қарашасынан бастап 2025 жылдың 22 қыркүйегіне дейін Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейде директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 2025 жылдың 22 қыркүйегінен №6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры.