18
май
2026
«Балдәурен» турнирінде аудан намысын қорғаған оқушылар жүлдегер атанды.
Ағымдағы жылдың 14-16 мамыр күндері Жуалы ауданында 2-3(микс), 4 сыныптар (ұлдар, қыздар) арасында “Балдәурен” кіші футболдан облыстық турнир өтті. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде Жамбыл ауданы 3 ойын бойыншада жүлделі орындар иеленді. Атап айтқанда 7 орта мектебінің қыздар командасы 4 сыныптар қыздар жарысында ІІ орын жеңіп алса, Ю. Гагарин, Төле би Ә. Ысмайылұлы атындағы орта мектептерінің құрама командасы 4 сыныптар ұлдар арасында жүлделі ІІІ орын иеленсе, Ю.Гагарин, Төле би, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептерінің құрама командасы да 2-3 сыныптар(микс) арасында ІІІ орын жеңіп алып, аудан абыройын асқақтатты. Ауданның жүлдегер болған командаларын және дайындаған жаттықтырушыларын құттықтай отырып, алдағы жарыстарда биіктерден көрінуіне тілектеспіз!Аталған жарыс “ 1 маусым- дүниежүзілік балаларды қорғау күніне” орай Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы “ Ғылыми- тәжірибелік дене шынықтыру орталығының” ұйымдастыруымен өткізілді.