Ішкі тәртіп ережесі.
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
№6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2025 жылы 27 тамыз күні өткен №1 педагогикалық кеңес қаулысымен бекітілді.
1. Жалпы ереже.
Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің ішкі тәртіп Ережесі (ары қарай Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасы «Білім туралы», «Неке және отбасы туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңдары мен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы және «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің Жарғысы талаптарына сәйкес жасалынған;
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің жүзеге асырылатын білім мен тәрбие беру процесі барысында мектеп басшылығы мен мұғалімдердің, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарының Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген Заңдары мен басқа да заңдылықтары талаптарына сәйкес мектеп ішіндегі тәртіпке қатысты міндеттерін айқындайды және ол міндеттерінің орындалу жолдарын белгілейді;
Осы Ереже Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі оқушыларының сынып, ата-аналар, мектеп мұғалімдері жиналысында алдын-ала талқыланып, тиісті өзгерістермен толықтырулар енгізіліп, мекеменің педагогикалық кеңесімен жалпы мектеп ата-аналар комитетінің және кәсіподақ комитетінің бірлескен отырысының шешімімен бекітілгендіктен, Ереже талаптары мекеме басшылығы мен мұғалімдері, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары үшін орындалуға міндетті болып табылады;
Мектеп басшылығы мен мұғалімдері, оқушылар мен ата-аналары тарапынан Ереженің қандайда болсын талаптарының бұзылуы жоғарыда келтірілген Қазақстан Республикасының Заңдары мен заңдылықтары талаптарын бұзу болып табылады және заң бұзушылық ретінде шара қолдану үшін тиісті құзырлы мемлекеттік органдар қарауына ұсынылатын болады;
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес азаматтар еңбекке құқылы. Еңбекке жарамды әрбір азаматтың міндеті әрі ісі – таңдалған облыста шынайы еңбек ету және еңбек тәртібін сақтау. Таңдалған еңбек саласында және еңбек тәртібін сақтауда тәртіп ең негізгі күш. Еңбек тәртібі – бұл ішкі тәртіп ережелерін қатаң түрде сақтау және саналы түрде орындау ғана емес, шығармашылық қатынасты қамтамасыз етудің жоғары сапасы, өндірістік жұмыстың тиімді пайдалану уақыты.
2.Білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі
1.Мектеп екі ауысымда жұмыс жасайды:
І ауысымның басталуы: 8.00
Жалпы сынып –комплектісі – 8
Мектепалды сынып-8.30
ІІ ауысымның басталуы: 14.00
Жалпы сынып – комплектісі – 6
Асхана
-оқушылардың асхананы қолдануы графикке сәйкес жүргізіледі.
-мектеп асханасында директормен белгіленген график бойынша мұғалімдердің кезекшілігі ұйымдастырылған.
-оқушылар мектеп асханасында :
- ауысым – 9.50 де ( 31 оқушы)
- ауысым – 14.50 де ( 34 оқушы) тамақтана алады.
-асханада оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруды, тәртіптерін қадағалауды асханадағы әкімшілік кезекші және әлеуметтік педагог іске асырады.
Оқу уақытын ұйымдастыру
1. Мектептегі сабақтар мектеп директорымен бекітілген сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі.
2. Мектептегі сабақтар екі ауысымда жүргізіледі.
3. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут.
4. Дүйсенбі күнгі бірінші сабақта оқушылар ҚР Гимн орындайды. Әр дүйсенбі сайын мектепте сынып сағаттары өткізіледі.
І ауысымдағы қоңырау кестесі
1.8.00-8.45. 5 мин.
2.8.50-9.35. 15 мин.
3.9.50-10.35 15 мин.
4.10.50-11.35 5 мин.
5. 11.40-12.25 5 мин.
6.12.30-13.15 5 мин.
7.13.20-14.05
ІІ ауысымдағы қоңырау кестесі:
0.13.10-13.55 5 мин.
1.14.00-14.45 5 мин.
2.14.50-15.35 15 мин.
3.15.50-16.35 15 мин.
4. 16.50-17.35 5 мин.
5.17.40-18.25 5 мин.
6.18.30-19.15
8. Қоңыраудан кейін сыныпқа кіру кешіккен болып есептеледі. Үздіксіз кешігетін оқушылар түсінік жұмыстары үшін мектеп әкімшілігіне шақырылады.
9. Мұғалімдердің сабақтан кейінгі қоңыраудан соң оқушыларды ұстауына құқығы жоқ.
10. Оқушыларды сабақтан шығарып жіберуге тыйым салынған.
11. Оқушыларды ерекше жағдайларда сабақтан алу мектеп директоры немесе мектеп әкімшілігінің бұйрығы бойынша оқушы мен мұғалімнің келісімі арқылы жүзеге асады.
12. Сабақтан кейін қосымша сауалдар алу тек білім сапасын арттыру мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналардың келісімімен жүргізіледі.
13. Мұғалім тарапынан оқу жұмыстарына қойылған баға бағдарламаны өту материалында көрсетілгендей қойылып, оқушыға сол күні мәлімденеді.
14. Оқушының тәртібіне баға қоюға тыйым салынады.
15. Оқушының тарапынан орындалмаған немесе уақытында тексеруге тапсырылмаған жұмыстарды, сабаққа жүйелі түрде дайындықсыз келу себептері оқушыға мұғалім тарапынан «қанағаттанарлықсыз» баға қойылуына мүмкіндік береді.
16. Қорытынды баға кем дегенде 3 бағаның болу жағдайында қойылады.
17. Сынып жетекшісі үлгермейтін оқушылар туралы мәліметті ата-аналарына қорытынды баға қойылардан 3 апта бұрын ескертеді.
18. Қорытынды бағаны түзеу оқушының ата-анасының өтініші негізінде баға алғаннан кейінгі 2 күн ішінде жүргізіледі. Бағаны қайта қарауға директордың бұйрығымен комиссия құрылады.
19. Ағымдағы бағаны түзету сабақ жүргізетін мұғалімнің келісімімен жүргізіледі.
20. Оқушы тоқсандыққа қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда демалыс уақытына міндетті қосымша сабақтар қойылады.
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесі:
1 сынып-18,5/1
2 сынып -24
3 сынып -26
4 сынып 25/1
5 сынып -28,5
6 сынып -28,5
7 сынып – 31,5
8 сынып -32,5
9 сынып -33/1
10 сынып -32/3
11 сынып – 32/3
1. Білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және олардың ата-аналарымен және өзгеде заңды өкілдерімен қатынастарын рәсімдеу тәртібі
1-ауысымның оқушылары мектепке 7 сағ.45мин. кеш емес,
2-ауысымның оқушылары – 13.45 – тен кеш емес уақытта келулері қажет.
-сабаққа үздіксіз кешігетін оқушылар түсіндіру жұмыстары үшін мектеп әкімшілігіне шақырылуы мүмкін.
-орта білім беру мекемесінің міндетті оқу формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы.)
Балаларының білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауына; (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 47-бабы 15-1 тармақшасы);
1. Мектептен тыс уақытта баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға, күнделікті сабақтан кешіктірмей, толық қатыстыруға, сондай-ақ кешкі уақытта қараусыз қалдырмауға;
2. Күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыс күндерінде, мектептен тыс уақыттағы жол және өмір қауіпсіздігінің жауапкершілігін, тәртібін күнделікті қадағалауды өз қарауына алуға, балаға толық жауапкершілікті өз мойынына алуға;
3.Баланың мектептен тыс мезгілде бейәдеп, теріс қылықтарына, өмірінің қауіпсіздігіне жеке жауапты екендігін сезінуге;
4. Осы аталған мәселелер орындалмаған жағдайда ата-аналық жауапкершілігіне және ата-аналық міндетіне лайық еместігін сезінуге;
5. Баланың кешкі сағат 22:00 ден кейін ойын-сауық орталықтарына, сағат 23:00-ден кейін үй ауласынан тыс жерге қараусыз жібермеуге;
6. Баланың көлік жүргізуіне тыйым салуға; Баланың өз бетімен балық аулауына, су жағасына, орман алаңына баруына тыйым салуға, өмір қауіпсіздігін сақтауға;
7. Отбасындағы ұл-қыздың тәрбиесіне, жыныстық тәрбиесіне (әсіресе қыз бала тәрбиесіне) қатты көңіл бөлуге;
8. Балаларының мектепте нашақорлық тұрғыдағы заттарды (темекі, насыбай, есірткі заттар) әкелуіне, пайдалануына, өзге азаматтарға, оның ішінде тәрбие алушыларға насихаттауына жол бермеуге;
9. Балаларының мектепке өткір, үшкір, суық қаруларды (пышақ, қанжар, костет т.б) ату құралдарын (мылтық, пистолет, газбаллондар, электрошокер т.б) әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;
10. Балаларының мектеп ішінде ұлт-аралық, рулық, жершілдік мәселелерді қозғауына, өзгелерді кемсітуіне жол бермеуге;
11. Балаларының мектепке аса құнды әшекей заттар мен бұйымдарды (сақина, сырға, білезік, моншақ т.б) әкелуіне және пайдалануына жол бермеуге;
12. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарына» негізделген:
- Ер балаларға мектеп формасы: қара көк түсті пиджак, жилет, шалбар, классикалық жейде, мерекелік ақ түсті көйлек, күнделікті киетін ақ түсті көйлек (қысқы кезеңде: трикотаж жилет, ақ түсті водолазка бас киімсіз) Ер балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең пішіледі. Ұл балдардың шаштары қысқа үлгіде қысқартылған.
- Қыз балаларға мектеп формасы: ақ түсті блузка,қара немесе қара көк түсті пиджак, жилет, классикалық белдемше, классикалық үлгідегі жейде (қысқы кезеңде: трикотаж жилет, сарафан, водолазка) қыздарға арналған белдемше офистік стильде, тізеден келетін, 60 см) бас киімсіз. Қыз балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауап кең пішіледі. Қыздардың шаштары қыстырғышпен жиналған.
- Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды, соның ішінде бас киімге қатысты діни атрибуттарды (крест, хиджаб, никаб, паранжа, чадра, ермолка, орамал, тюрбан, иудей-кипа бас киімдері, бурка және т.б.) киюге болмайды.
Оқушылардың оқу құжаттары.
1. Оқушылардың ата–аналары немесе заңды тұлғалары жалпы мектептік және сыныптық ата –аналар жиналысына қатысуға міндетті.
2. Оқушы күнделікті электронды күнделікке бекітілген тапсырмамен және формативті бағасымен танысып, мұғаліммен кері байланысқа шығуы қажет.
3. Қорытынды бағалар мен мұғалімнің ескертулері ата-аналар назарына ұсынылуы қажет.
4. Мұғалім күн сайын оқушылардың ағымдағы бағасын қойып, қосымша ақпаратты күнделікке жазады.
5. Ата-аналар немесе заңды тұлғалар электрондық журнал бойынша оқушылардың ағымдағы бағасын, үй тапсырмасын, оқу бағдарламасының өткендігін бақылай алады.
6. Оқушылар электрондық журнал бойынша ағымдағы бағасын, тоқсандық бағасын, үй тапсырмасын көре алады.
7. Сабақты босатқан жағдайда оқушылар сынып жетекшісіне дәлелдейтін құжаттарды көрсетуі қажет: медициналық анықтама немесе ерекше жағдайда ата-аналардан алынған өтініш.
8. Қандай да бір дәлелдейтін құжатсыз апта ішіндегі екі күн сабақ босатқан оқушы сабаққа медициналық анықтаманы көрсеткен жағдайда ғана қатыса алады.
9. Осындай оқушының сынып жетекшісі оқушының үйіне барып, үй – тұрмыстық актісін толтыруы қажет.
10. Оқушылардың оқу бағдарламасынан өткендігі туралы мәлімет табельге енгізіліп, қабылдау бөлімінде сақталатын оқушының жеке іс-қағазына салынады.
Оқушылардың өзін-өзі ұстауы
1. Оқушылардың өзін-өзі ұстауы ішкі тәртіп Ережелерін мен мектеп Жарғысында белгіленген қағидаларда регламенттелген.
2. Оқушыларға осы құжаттарда көрсетілген шаралардан басқа жазалар да қолданылуы мүмкін:
- қылықтарын сынып ұжымында талқылау;
- қылықтарын ата-аналар жиналысында талқылау;
- қылықтарын жоғары сынып оқушыларының кеңесінде талқылау;
3. Оқушыларды мадақтауға келесі шаралар қолданылуы мүмкін:
- алғыс білдіру;
- мадақтамамен марапаттау;
- бағалы сыйлықпен марапаттау;
- «Үздік оқушы» белгісімен марапаттау;
- «Үздік ата -ана» белгісімен оқушылардың ата-аналарын марапаттау.
Мектеп оқушыларының құқықтары
1. өз отбасының және жеке басының адамгершілік қадір-қасиеттерін сыйлауға;
2. тегін жалпы білім алуға (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес);
3. мектеп Парламентін сайлауға және оған сайлану құқығына;
4. денсаулық сақтау технологиялары бойынша білім алу шарттарын
5. өзіндік білім алуға жағымды жағдай жасауға;
6. қосымша білім беру (соның ішінде ақылы) қызметін алуға;
7. мектеп қызметін жақсартуда және оның жұмыс жасауындағы
8. кемшіліктерді шешуге ұсыныстар (соның ішінде заңнамалық бастамалар) мен сыни ескертулер жасауға;
9. қызметтік тұлғалар мен оқушылар тарапынан оқушылардың құқықтарын бұзу жағдайында шағым жасап, мектеп әкімшілігіне жолығуға сабақтарға кедергі жасамай өткізілетін іс-шараларға еркін қатысуға;
10. оқу жылының көлемінде, кез келген оқу кезеңінде басқа оқу мекемесіне ауысуға;
11. тегін медициналық қызметке, кітапхана қорын, оқу мақсатында интернетті қолдануға;
12. аптасына 2 күн берілетін демалысқа, мұғалімдермен белгіленген қоңырау көлемін сақтауға, жыл сайынғы күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы демалыстарға шығуға;
13. өткізілетін бақылау жұмысының мерзімі мен көлемінен алдын ала хабардар болуға, күніне 1 бақылау, 2 өздік жұмыс, 3 жеке жұмыстан артық сауалдарды орындамауға;
14. мұғалімдерден қойылған баға туралы түсінік алуға;
15. өзінің үлгеріміне және тәртібіне қатысты шешілетін сұрақтарға қатысуға;
өзіне қатысты ақпаратты сенімді ақпаратты құпияда сақтауға;
16. өзінің жеке өміріне араластырмауға;
17. өзіне қатысты физикалық және психикалық зорлық әдістерінен қорғалуға;
18. білім беру туралы құжатын және оқудан өту барысын алуға.
Мектеп оқушылары ҚР заңнамасында және мектептің нормативтік актілерінде көрсетілген құқықтарға ие.
Мектеп оқушыларының міндеттері:
1. жақсы оқуға;
2. мектептің Жарғысы мен ішкі тәртіп Ержесін білу және сақтау;
3. ҚР Гимн мен рәміздерін білу және оларға құрметпен қарау;
4. мектептің басқару органының заңды шешімдерін мен Ішкі тәртіп
ережесінде көрсетілгендей мектеп мұғалімдер мен әкімшілігінің талаптарын орындау;
5. жеке басының қадір-қасиетін, басқа адамдардың көзқарастары мен сенімдерін сақтап, құқықтарын қорғауға;
6. өз денсаулығын, өзін қоршаған адамдардың қауіпсіздігі мен өмірін сақтау;
7. мектеп мүлкін ұтымды қолдану және сақтау;
8. мектепке келтірілген залалды түзеуге немесе толықтыруға;
9. мектеп дәстүрін, ар-намысын, дәрежесін сақтауға қамқорлық көрсету;
10. мектеп пен оның аумағында тәртіп пен тазалықты сақтауға.
Кітапхана
-.кітапхананы қолдану – оқушыларға қызмет көрсету графигіне сәйкес тегін жүргізіледі.
-оқушыларға кітапханадан алынған кітаптарға материалдық жауапкершілік жүктеледі.
-оқушы кітапханаға кітап қарыз болған жағдайда білімі туралы құжат берілмейді.
Дәретхана бөлмелері
-мектепте дәретхана бөлмелері қыздарға/ұлдарға деп орналасқан.
-дәретханада тазалық ұстап,жеке басының гигиенасын сақтау
3.Мемлекеттік мекеменің педагогикалық персоналын іріктеу тәртібі
Педагогтардың құқықтары мен міндеттері
-қызметкерлер аталған мектепте жұмыс жасау құқығына еңбек келісімін жасасу арқылы қол жеткізеді.
-жұмысқа қабылдаған кезде әкімшілік төменде көрсетілгендерді талап ету қажет:
- еңбек кітапшасын;
-білімі туралы құжаттың көшірмесі /диплом/;
- паспорт немесе жеке куәлігі;
-қарсы айғақтар жоқ екені туралы қорытындысы бар санитарлық кітапша;
-біліктілік куәлігінің көшірмесі;
-автобиография;
- жинақтаушы зейнетақы қорынымен келісімшарттың көшірмесі;
- арнайы анықтамалар;
-жұмыс жасаушы әрбір мұғалімге жеке іс-қағазы жүргізіледі.
-еңбек кітапшасы жұмыстан босатылған күні кету қағазын көрсеткен жағдайда беріледі.
-жұмыстан кеткен қызметкердің жеке іс-қағазы мектепте сақталады.
Қызметкерлердің негізгі міндеттері.
Мектеп қызметкерлері міндетті:
- жалпы білім беретін мектептің жарғысына, ішкі тәртіп ережесіне, қызметтік ережелерге сай әрі адал қызмет етуге, өздеріне жүктелген міндеттерді қатаң түрде орындауға.
- еңбек тәртібін сақтауға – мектептегі тәртіп негізін, жұмысқа уақытылы келу, жұмыс күнінің ұзақтығын сақтауға, өздеріне жүктелген міндеттерді шығармашылық және тиімділік жағынан қолдануға, басқа қызметкерлерге өз міндеттерін атқаруға кедергі жасайтын іс-әрекеттерден аулақ болуға, әкімшіліктің бұйрықтарын уақытылы және нақты орындауға;
- жұмыс жасауда олқылықтарға барынша жол бермеуге, орындаушылық тәртіпті арттыруға, үнемі шығармашылық бастамасын бағытталған жоғары нәтижелерге қол жеткізуге, еңбек қызметін танытуға;
- қоршаған ортаны қорғауға және техникалық қауіпсіздікті сақтауға, арнайы нұсқаулықтар мен ережелерге сәйкес санитарлық-гигиеналық, өндірістік, өртке қарсы қорғанысты қамтамасыз ету;
- балаларға үнемі ілтипатты болу, оқушылардың ата-аналарына және ұжым мүшелеріне сыпайы болуға;
- өзінің кәсіби және мәдениеттілік деңгейін жүйелі көтеріп отыруға;
- үйде, қоғамдық жерде немесе жұмыста өзін-өзі ұстаудың үлгісі болып, жоғары моральдық борышын көрсете білуге;
- өз жұмыс орнын тазалықта ұстауға, материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың белгіленген ережесін ұстануға;
- педагогтардың сыртқы келбеті – мектептегі тәртіпті сақтаудағы тиімді оқу процесіне әсер ететін жағдай, оқу – тәрбие процесіне жұмыс жасау
- белгіленген мерзімде кезеңдік медициналық қаралудан өту;
- мектептің педагогикалық қызметкерлері сабақ уақытында, мектеп ұйымдастырған сыныптан, мектептен тыс іс-шараларда оқушылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікте болады. Оқушылардың жарақаттануы орын алған жағдайда шұғыл түрде мектеп әкімшілігіне хабарлау қажет.
Мектеп директорының белгіленген тәртібі бойынша мұғалімдерге оқу жүктемесіне қосымша сынып жетекшілік, кабинет меңгерушілігі, оқу-тәжірибелік алаңдар, еңбек оқуын ұйымдастыру, кәсіби ориентация және басқа да оқу-тәрбие функцияларын орындау жүктелуі мүмкін.
Педагог қызметкерлер мұғалімдер, психологтар, әлеуметтік педагогтар «Педагог кадрлардың аттестатталуы туралы Ережеге» сәйкес бес жылда бір рет аттестациядан өтеді.
Жұмыс уақыты және оның қолданылуы.
Мектеп мұғалімдері толық 5 күн жұмыс жасайды.
Әрбір пән мұғалімдері мен сынып жетекшілер жұмысқа сабақ басталмастан 15 минут бұрын келулері қажет.
Мектепте екі күндік демалыс бар бес күндік оқу мерзімі оқушылар, мұғалімдер және кіші қызметкерлер үшін енгізілген.
Мектептегі жұмыстың басталуы және аяқталуы ауысымның санына сәйкес қойылады.
Педагогикалық қызметкерлердің жұмыс уақыты оқу кестесі мен қызметтік міндеттері, орта білім беру мекемесінің Жарғысымен, мектептің ішкі тәртіп Ережесі арқылы анықталады. Мектеп әкімшілігі жұмысқа келу және жұмыстан кетуді белгілеп отыруды ұйымдастыруға міндетті.
Педагог қызметкерлердің жаңа оқу жылындағы оқу жүктемесін мектеп директоры белгілейді.
Сонымен қатар ескерілуі қажет:
-педагог қызметкерлердің сынып пен оқу жүктемесінің сабақтастығы сақталуы қажет;
-оқу жүктемесі бір ставкадан артық сағаттан аспауы қажет. Қандай да бір пән бойынша мұғалім жетіспеуі жағдайында оларға оқу жүктемесі артық көлемде берілуі өзінің және білім беру мекемесінің келісімімен кейбір жағдайларда орын алуы мүмкін.
-педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесінің көлемі жалпы оқу жылы көлемінде орнықты болуы қажет. Жүктеменің азаюы оқушылардың санының немесе сынып-комплектілерінің кемуі жағдайында орын алуы мүмкін.
Сабақ кестесі мектеп әкімшілігімен құрастырылады және бекітіледі.
Мектептің жеке қызметкерлерін /мұғалімдерді кезекшілікке қою, демалыс немесе мереке күндері қандай да бір жұмыс түрлеріне тартуға жол беріледі. Кезекшілік, демалыс немесе мерекелік күндері жұмыс жасағаны үшін демалыс беру заңнамалық тәртіппен немесе қызметкермен келісе отырып демалыс уақытында (күзгі, қысқы, көктемгі) еңбек демалысына сәйкес келмейтін мерзімде беріледі.
Педагог қызметкерлердің күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы демалыстарға сәйкес келмейтін еңбек демалысы жұмыс уақыты болып есептеледі. Демалыс басталғанға дейінгі уақытта педагог қызметкерлер әкімшілік тарапынан оқу жүктемесінің мерзімінен аспайтын уақытта педагогикалық немесе ұйымдастырушылық жұмыстарға тартылады.
Демалыс уақытында (күзгі, қысқы, көктемгі) мұғалімдер мен қызмет көрсетуші персонал арнайы білімді қажет етпейтін /ұсақ жөндеу, мектеп ауласында жұмыс жасау және т.б./шаруашылық жұмыстарына белгіленген уақыт ішінде тартылады.
Педагогикалық ұжымның кеңесі тоқсанына бір рет өткізіледі. Мектептің әдістемелік кеңесі отырыстары тоқсанына бір рет, әдістемелік бірлестік отырыстары жылына 5-тен кем емес өткізіледі. Директордың қатысуымен жиналыс – айына бір рет,жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы жылына 2-ден кем емес шақырылса, сыныптық ата-аналар жиналысы жылына 4-тен кем емес өткізілуі шарт.
Мектептің педагогикалық және басқа да қызметкерлеріне тыйым салынады:
-өз ұйғарымына қарай сабақ кестесі мен жұмыс графигін ауыстыруға;
-сабақтардың ұзақтығы мен аралық қоңырауларды тоқтатуға, ұзартуға және қысқартуға;
-оқушыларды сабақтан шығарып жіберуге;
-мектеп ғимаратында темекі шегуге;
-сабақ уақытындағы үзілістер оқушылар мен мұғалімлердің демалуына, тамақтануына, келесі сабаққа дайындалуына және т.б. қолданылады.
-үзіліс кезінде кезекші мұғалімдер және оқушылар өз орындарын тәртіппен, тазалықты қамтамасыз етеді
- әкімшілік келісімінсіз оқушыларды қоғамдық жұмыстарды орындауға, спорттық немесе басқа да іс-шараларға қатыстыру үшін сабақтан босатуға;
-жұмыс уақытында жиналыстар мен қоғамдық мәселеге қатысты жиындарға шақыруға;
-бөгде тұлғалардың сабаққа қатысуы директордың немесе оның орынбасарларының рұсатымен жүргізіледі.
-сабақ басталғаннан кейін сыныпқа кіру айрықша жағдайларда тек мектеп директорына немесе оның орынбасарларына рұқсат етіледі.
-педагогикалық қызметкерлерге жұмысы туралы ескерту жасауға сабақ уақытында немесе оқушылардың қатысуы жағдайында рұқсат берілмейді.
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік.
1. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін мектеп әкімшілігі келесі тәртіптік шараларды қолданады:
а. ескерту;
б. сөгіс;
в. қатаң сөгіс.
г. жұмыстан босату /жеке еңбек келісімшартын бұзу/;
2. Жұмысқа үш сағат ішінде келмеу, жұмысты қандай да бір себепсіз босату болып саналады.
Мұғалімді кәсіподақ комитетінің келісімінсіз жұмыстан босатуға болады:
- жұмысқа алкогольдық жағдайда келу;
- оқушыларға физикалық қысым көрсету;
-нақты себепсіз жұмысқа келмеу;
Педагогтардың міндеттері
1. жыл сайын ақылы демалысқа шығу;
2. білім беру мекемесінің қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
3. «Үздік педагог » сайысына қатысу;
4. ҚР “Педагог мәртебесі туралы» Заңы негізінде педагог білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан кәсібіне құрметпен қаралуына және тиісінше мінез-құлық көрсетілуіне құқылы.
5. Білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан педагогтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқығы қарастырылады.
Мектепке кіру және шығу алгоритмі:
-кезекші мұғалім немесе вахта қызметкері келушіні тіркеу журналына жеке куәлігі бойынша аты-жөнін, куәлік нөмірін, кімге және қандай сұрақпен келгенін жазу;
– қажет мұғалімді, қызметкерді кезекші мұғалім немесе вахта қызметкерінің көмегімен шақырту;
– мұғалім немесе қызметкер мектепке келген бөгде адамды қажет болған жағдайда мектепке өзі кіргізіп, өзі шығарып салады;
– мектепке келген бөгде адам қасында мектептен шығамын дегенше ілесіп жүруші кезекші мұғалім немесе мектеп қызметкері болуы тиіс.
Мекеменің ішкі тәртіп ережесіне барлығы бағынуға міндетті.
