Мектеп ұжымымен «Діни экстремизм – ғасыр індеті» тақырыбында кездесу
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте 11 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Жамбыл ауданы бойынша инспекторы Шадиев Алмат Берікбайұлымен мектеп қызметкерлері мен мұғалімдерге арналған «Дін және заң» және «Діни экстремизм – ғасыр індеті» тақырыптарында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында діннің қоғамдағы рөлі мен маңызы, қазіргі діни ахуал, түрлі діни ағымдар, сондай-ақ имандылық пен адамгершілік құндылықтар жөнінде жан-жақты пікір алмасу