Жасөспірімдерге пиротехниканы қолданудың зияны түсіндірілді.
"№6 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде" 12 желтоқсан күні Жамбыл АПБ-ның ҚҚБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры Н. Құлшынбаев тарапынан кәмелетке толмағандар арасында пиротехникалық бұйымдарды (салют, петарда және өзге де жарылғыш заттар) қолданудың қауіптілігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Әңгімелесу барысында полиция майоры салюттерді заңсыз қолданудың салдары денсаулыққа зиян келтіру, өрт шығу қаупі, қоғамдық тәртіпті бұзу, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке тартылу мәселелерін атап өтті.