БОС ОРЫНҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!!! » №6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"№6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БОС ОРЫНҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
01
ноябрь
2025

БОС ОРЫНҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің  Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ: 
2025-2026 оқу жылына конкурстық негізде педагогтарды жұмысқа қабылдау үшін құжаттар қабылдау ағымдағы жылдың 01.10-14.10.2025ж. аралығында жүргізіледі.
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35900 болып тіркелді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелген)  талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» электронды еңбек биржасына және мектептің әлеуметтік желілері (инстаграм, фейсбук парақшаларына) мен мектеп сайтына жарияланады.
Конкурс төмендегідей бос орындарға жүргізіледі:
  • Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі 1 бірлік (тұрақты)
  • Технология пәнінің мұғалім  1 бірлік (тұрақты)
Конкурс өткізілетін орын: 
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 Мекеменің мекен-жайы: Бәйтерек ауылы, 048 есептік квартал №378үй. Анықтама, байланыс номері: 8 (700 203 4003)
Электрондық пошта: 6_altynsaryn_mektebi@mail.ru