Мектеп оқушылары ҚР Қорғаныс министрлігінің «10216 – Әскери бөлімі»
25 қазан – Республика күніне орай "№6 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің" «Кәсіптік бағдар берушісі» Айнұр Қуатқызы, Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Утешев Ақылбек және 10 «А» сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «10216 – Әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесіне танымдық экскурсия жасады. 🔹 Экскурсия барысында оқушылар әскери бөлімнің құрылымымен, сарбаздардың күнделікті қызметімен танысып, жауынгерлік техника мен қару-жарақ үлгілерін көрді.