Мектептің асхана жұмысына жоспарлы бракераж тексерісі жүргізілді
Бүгін білім ордамыздың асханасында бракераж комиссиясының жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында тағамдардың сапасы, дайындалу технологиясы, сақтау мерзімі мен санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы назарға алынды. Комиссия мүшелері дайын ас мәзірін қарап, тағамдардың дәмдік сапасына баға берді және күнделікті ас мәзірінің талаптарға сәйкестігін тексерді. Сонымен қатар, ас блогының тазалығы мен қызметкерлердің жеке гигиенасы да бақылауға алынды. Тексеру нәтижесінде асхана