Жақсылық жасау – жүректен басталады.
№6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде 17–23 тамыз аралығында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға жаңа оқу жылына дайындалуына көмек көрсету. Акция аясында көмекке мұқтаж балаларға мектепке қажетті оқу құралдары мен қажетті керек-жарақтар алынып берілді.