Жоғары оқу орнымен серіктестік аясындағы кездесу.
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің “Жаратылыстану ғылымдары” факультеті “Химия” кафедрасының “Болашағыңды бүгін таңда” ашық есік күніне Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің химия, биология пәндерін таңдап отырған оқушылары қатысып қайтты. Ашық есік күні екі жақты меморандум аясында ұйымдастырылды. Жоғары оқу орнымен меморандум арқылы оқушылардың болашақ кәсібін таңдауына, көкжиегін кеңейтуіне мол мүмкіндіктер туындап отыр.